Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Сарыағаш ауданында

«Дәстүрлі құндылықтар керуені» Сарыағаш ауданында

Бүгін Сарыағаш ауданында Түркістан облысы бойынша «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі іс-шара өткізілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Беспаев Мәди Әбзелбекұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов және аудандық мәслихаттың депутаты М.Қалменов, қала, аудандық терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы мен мүшелері, қала, аудан бойынша дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелері, имамдар қатысты. Аталған жиынның мақсаты:
Облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру;
Деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу;
Мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.
Жиын соңында тұрғындар тарапынан ұсыныс пікірлер айтылып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*