Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Еліміздің іскер әйелдері Түркістанда бас қосты

Еліміздің іскер әйелдері Түркістанда бас қосты

Еліміздің іскер әйелдері Түркістанда бас қосты. Іскерлік бас қосуда қаралған басты мәселе — ерте және мәжбүрлі некелерге қарсы тұру мақсатында қауымдастықтарды жұмылдырып, өңірлік деңгейде оның ішінде Түркістан облысында диалогтық алаңдар құру.
Кездесуде сөз алған Президент жанындағы Әйелдер ісі және жанұялық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссияның мүшесі Хайрулина Асия, «облыстар бойынша оның ішінде Түркістан облысындағы ерте және мәжбүрлі неке проблемасын шешуде өңірлік тетіктерді енгізудің мүмкіндіктері» туралы кеңірек әңгімеледі. Бұл бас қосуға жиналғандардың қатарында Ильясова Алия-экономика ғылымдарының кандидаты, гендерлік экономика бойынша тәуелсіз эксперт, Кушербаева Акмаржан-Қазақстандағы жастар арасындағы репродуктивті денсаулық мәселесі бойынша «ЮНФПА» қорының ресми спикері, Сағатова Асель-актриса және де Боранбаева Гүлмира- «Әйелдер ісі және жанұялық-демографиялық саясат бойынша Облыс әкімі жанындағы комиссияның хатшысы, Жандосова Баян — «Облыстық әйелдер кеңесінің» төрайымы және Түркістан қаласының әр түрлі салаларда белсенді қызмет жасайтын бірқатар іскер әйелдері және қала әкімдігі жанындағы Әйелдер ісі және жанұялық-демографиялық саясат бойынша комиссияның төрағасы Ғ.Рысбеков және хатшысы Ұ.Қайназаровалар бар. Сонымен қатар бас қосуда Жастар мен жасөспірімдердің ерекшеліктерінде некеге тұруда қыздардың құқығын қорғау туралы тұрғындарды хабардар етуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жандандыру мәселесіде талқыланды.

Бұл кездесудің күн тәртібіне Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласыда арқау болды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер төңірегінде жиналғандар тарапынан түрлі пікірлер мен тұшымды ойлар айтылды.

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*