Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕРЛЕСІМІЗ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ УНИВЕРСИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ УНИВЕРСИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Сонау Италия елінен сүйінші хабар келді. Маңдайы жарқыраған ұлымыз қазақтың көк Туын Еуропа көгінде желбіретті.

Жуырда ғана дзюдо күресінен Қазақстан чемпионы атанған жерлесіміз Ғалымжан Қырықбай Шаяхметұлы Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан ХХХ-шы дүниежүзілік универсиадада абсолюттік салмақ дәрежесінде Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальға қол жеткізді.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ғалымжан Қырықбай Шаяхметұлы — 1997 жылы 7-ші қарашада қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.
Дзюдо күресімен 14 жасынан бері шұғылданып келеді. Алғашқы бапкері Құрамысұлы Бекежан.
Бүкіл Қазақ еліне қуаныш сыйлап, еліміздің көкбайрағын Италия жерінде желбіреткен Ғалымжан Шаяхметұлына алдағы байрақты бәсекелерде еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!

Қарадомалақ балалардың осындай алдыңғы буын спортшы ағаларына еліктеп өсетіні анық. Осындай батыр ұлдарымыз көбейе берсін.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*