Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Қазақстан өз «киберқалқанын» құрады

Қазақстан өз «киберқалқанын» құрады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті.

Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Абдикаликов Руслан Кенжебекұлы қатысты.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру мақсатында, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі бойынша тәсілдемелерін ескере отырып, Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы («Қазақстанның Киберқалқаны») жобасын әзірледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг барысында Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Голобурда Дмитрий Васильевич хабарлады.

Дмитрий Голобурда сондай-ақ Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы («Қазақстанның киберқалқаны») жобасын әзірлеу кезінде Малайзия, Сингапур, Великобритания, Германия, Чехия, Франция, Литва, Эстония, Финляндия, Швеция, Швейцария және т.б. секілді елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенгендігін атап өтті.

Брифинг барысында Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Голобурда Дмитрий Васильевич атап өткендей, «Тұжырымдаманың мақсаты жаһандық бәсекелестік жағдайларында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалуына қол жеткізу және сол деңгейде ұстау болып табылады».

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Абдикаликов Руслан Кенжебекұлы «Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең 2017 – 2018 жылдар, екінші кезең 2019 – 2022 жылдар» деп атап өтті.

Бірінші кезеңде:

— ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы белгіленген талаптарды сақтаудың толық құқықтық қолдану практикасы қалыптасады;

— білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарға ревизия жүргізіледі, ақпараттық қауіпсіздік саласында даярланатын мамандардың саны мен сапасы артады, осы салада жұмыс істеп жүрген қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі;

— отандық зерттемелер жасауда өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-қимыл мен кооперациялаудың тиімді схемасы бір жолға қойылады.

Екінші кезеңде:

— қазақстандық IT-компаниялардың ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге негізді түрде қатысуын;

— отандық электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ел аумағында телекоммуникациялық жабдық сатып алуына тапсырыстармен жүктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзіміз білетіндей, «Қазақстанның киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үш айлық мерзімде 2017 – 2022 жылдарға дейінгі Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және Үкіметке енгізетін болады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу