Басты бет » Спорт » ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

Түркістан қаласындағы О.Жарылқапов атындағы орталық стадионда футболдан ересектер арасында қалалық ашық біріншіліктің ашылуы өтті. Биылғы доп додасына 8 команда бақ сынамақ. Жарысқа көршілес Кентау қаласы мен Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылымен қатар түркістандық Бекзат, Барыс, Қала, Жастар, Марка.kz, Станция командалары арасында өтпек.


Жарыстың ашылу рәсіміне қала әкімі Р.Аюпов қатысып сөз сөйлеп, онда қала көлемінде спорт саласындағы басты жетістіктерге тоқталып, қала тұрғындары мен қонақтарын футболдан ересектер арасындағы қалалық ашық біріншіліктің ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысып отырған спортшыларға сәттілік пен жеңісті жолдары көп болуын жеткізді. Бұдан соң қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Сәрсенбаев спорт сүйер қауымды ойынның ашылуымен құттықтап, жарыста тек мықтылардың жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді.

Сонымен, жарыстың ашылуында көршілес Кентау қаласының КТЗ командасымен қаламыздың Бекзат мөлтек ауданының командалары арасында ойын аса тарысты өтіп, 0-1 есебімен Кентау қаласының командасы жеңіске жетті. Бұдан былай әр аптаның бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері О.Жарылқапов атындағы орталық стадионда кешкі сағат 19.00-де футболдан қала біріншілігінің кезекті ойындары өз жалғасын табатын болады.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*