Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 11 СЕКТОРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

11 СЕКТОРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Арыс қаласына арнайы келіп, өңір штабының жұмысымен танысты. Батыс Қазақстан облысы мен Отырар ауданына тиесілі 11 сектордағы штаб жұмысы белсенді жұмыс атқарып келеді. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановпен бірге 11-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көзбен көріп, Әділбек би, Мадалиев, Әйтеке би көшелерінің белсенді тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі мен аудан әкімі аталмыш бөліністердегі арыстықтардың пікірлері мен ой-ұсыныстарына құлақ түріп, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін тапсырды. Өз кезегінде 11-сектор аумағындағы арыстық тұрғындар облыс құрылысшыларының жұмыстарына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Бүгінгі таңда сектордағы 580 жеке және 9 көпқабатты тұрғын үйлердің құжаттары толық рәсімделіп, 218 жеке жеке тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар жарамсыз ден танылған 1 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Тағы да бір айта кететін жайт 11 сектордағы көшелер күн сайын тазартылып, қазіргі уақытта арнайы техникалардың көмегімен 402,8 тонна күл-қоқыстар мен құрылыс қалдықтары шығарылды.

Пікір жазу