Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Аналар “Алтын алқа” тағынды

Аналар “Алтын алқа” тағынды

Шардара ауданының әкiмi Қайрат Жолдыбай қала тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтiнiш, тiлектерiн тыңдады. Шардара қаласындағы Әл-Фараби көшесiнiң тұрғыны Нұржамал Сәбитова тұрып жатқан үйiнiң төлемақысын төлей алмай жатқандығы, тiркеу мәселесiне байланысты атаулы әлеуметтiк көмекке қол жеткiзе алмай отырғандығы жөнiнде айтып, киiм-кешектен де көмек көрсетiлсе дедi.


Аудан әкiмi бұл жөнiнде әр сұраққа нақты жауап бере отырып, материалдық көмек мәселесiн демеушiлер арқылы шешу жолы ойластырылатындығын айтты. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң басшысы Е.Қаратүновке Н.Сәбитованы тұрған үйiне тiркеуге тұрғызып, әлеуметтiк көмек алуына көмектесу жөнiнде тапсырма бердi.
А.Сандыбаева көшесiнiң тұрғыны Арман Әшiмбекованың ауызсу төлемақысының дұрыс есептелiнбегiндiгi жөнiндегi сұрағына аудан әкiмi көрсеткен тиiстi құжаттарын қарап шығып, қайта есептеудi, оған келiспеген жағдайда сот арқылы шешудi түсiндiрдi.
Сол сияқты Байзақ Керiмқұлов та қалада ағаш цехын ашу бойынша iстеп жатқан жұмыстарымен таныстырып, тиiстi құжаттарын мемлекеттiк грантқа да ұсынғанын айтып, соны орналастыруға жер телiмiн алу жөнiнде аудан әкiмiнен көмек сұрады. Ұсынысты тыңдап, оны қолдаған Қ.Жолдыбайұлы ондай жердiң аукцион арқылы берiлетiндiгiн түсiндiрiп, соған қатысып таңдаған жерiне қол жеткiзуiне тiлектестiгiн бiлдiрдi.

Ж.СЕЙДУӘЛИЕВ.

«Өскен өңір» газеті.

Пікір жазу