Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ұсыныстар аз болмады…

Ұсыныстар аз болмады…

ж-01Жуалы аудандық сотында «Мемлекет беделі сот әділдігімен өлшенеді» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.А.Замбаев, прокурор Е.Марат, қорғаушы О.Шуақбаев, АІІБ басшысының бірінші орынбасары подполковник М.Мүсірепбеков, пробация қызметінің аға инспекторы капитан Қ.Сарғалтақов, Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Сейтқұлов және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында судья А.А.Замбаев өз сөзінде: «Мемлекет беделі мен сот төрелігі бір-бірімен тығыз байланысты. Заң мен құқық бір-біріне қарама-қайшы болған жағдайда әділ әрі ақылды шешімді қабылдау қиын болады. Сот төрелігі конституциялық, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу арқылы іске асады. Мемлекеттік биліктің барлық деңгейде жетілдірілуінің жалғасуы, сонымен қатар соңғы жылдардағы сот реформасының дамуы оң нәтижелерін беріп отыр», – деп айта кетті.

Сонымен қатар, судья А.А.Замбаев ҚР қылмыстық кодексіндегі жеке айыптаулар бойынша ұсыныстар беріп, аталған қылмыстық жауапкершіліктердің келешекте әкімшілік жауапкершілікке ауысу мүмкіндігін айтты.

Шара соңында қатысушылар өз тараптарынан сот төрелігінің жағымды жақтарын айта келе, мемлекеттің тұрақтылығының кепілі екендігін тілге тиек етіп, аталған тақырып бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір жазу