Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ұсталардың ұстанымы – бәсекеге қабілетті болу

Ұсталардың ұстанымы – бәсекеге қабілетті болу

Түркістан облысы Жетісай ауданында кәсіпкерлер қатары жыл санап артып келеді. Олардың қатарында он саусағынан өнер тамған ұсталар да бар. Солардың бірі – Жетісай қаласының тұрғыны Закир Вайдаев темірден түрлі оюлы дүниелер жасап-ақ кәсібін дөңгелетуде.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кәдімгі қазақы оюларды темірдің бетіне айнытпай орнатып беретін Закир бүгінде 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл кәсіпорын металдарды дәнекереп неше түрлі оюлармен безендірілген есіктер және тағы басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаумен айналысады.
Жуырда олар ақылдаса келе түнгі қалаға сән беріп тұратын жарықшамдары бар орындықтар ойлап шығарыпты. Өздері ойлап тапқан дүниелерін таяуда облыс орталығында өткен «Түркістан өнімдері» атты облыстық тауарөндірушілер жәрмеңкесіне апарып, жүлделі орынды иеленіп қайтты.
Бұл жарықшамдарды жасауға небәрі 3 күн уақыт кетіпті. Бір ерекшелігі орындықтар екі түрлі энергия көздерінен қуат алады екен. Оның бірі күн энергиясы, екіншісі адам денсаулығына зиянсыз тоқ көзі.
Кәсіпорын қызметкерлері алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатса, бұл игі бастаманы одан әрмен дамытып жарықшамдары бар орындықтар және басқада бұйымдар жасайтын қосымша цех ашсақ деген ниетте.

Пікір жазу