Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қазығұртта қаза тапқан 11 қызметкерге арналған ескерткіш тақтайшасының ашылу рәсімі өтті

Қазығұртта қаза тапқан 11 қызметкерге арналған ескерткіш тақтайшасының ашылу рәсімі өтті

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің алдына қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан 11 қызметкерге арналған ескерткіш тақтайшасының ашылу рәсімі мен аудан тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдау бөлмелерінің ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шараға қаза тапқан қызметкерлердің туыстары, ішкі істер органдарының ардагерлері, аудан басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Бұл туралы Қазығұрт  ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алдымен жиынға қатысушыларды аудан әкімі Төлеген Телғараевпен облыстық ІІД бастығы орынбасары Әбдіғани Сейдуалиевтер құттықтап, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут еске алынды. «Өз өмірінің құнымен қызметтік міндеттерін атқарғандардың, заң мен тәртіпті қорғағандардың есімдері ешқашан ұмытылмайды», – деген жылы лебіздерін жеткізіп жатты қатысушылар. Аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасының айтуынша бұл ашылған тақтайша жас полицейлердің мәртебесін көтеруі сөзсіз дейді.


Ел басының Қазақстан халқына Жолдауында полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру, қалалық және аудандық ішкі істер органдары жанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі айтылған болатын. Осы мақсатта аудандық полиция бөлімінің алдынан қабылдау бөлмелері ашылады. Бұл жерден кез-келген Қазақстан азаматы қажетті мәліметтерді ала-алады және арыз-шағымында жазады екен. Халықтың тілегін ескере отырып біз, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мен қылмыспен күресті күшейте мүмкіндік бар дейді аудандық полицейлер.

Пікір жазу