Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА 1345 ГРАНТ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА 1345 ГРАНТ БӨЛІНДІ

Биыл көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға ҚР Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа 5 мың грант тағайындалып отыр.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Соның ішінде Түркістан облысына 1345 грант бөлінген. Гранттарға өтінімдер бойынша конкурс 5-10 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами əлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова мәлімдеді.

«ҚР Ұлттық қорынан 2019-2020 оқу жылына арналған нысаналы трансферт есебінен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балалары үшін жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыспен жоғары оқу орындары белгіленіп отыр. Белгіленген жоғары оқу орындарының ішінде «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» АҚ, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүістік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, Сырдария университеті, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ бар», – деді А. Садықова.

Грант қаражаты трансферт арқылы жергілікті әкімдіктерге беріледі. Олар өздерінің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтар тізбесін анықтап, грант береді. Конкурсқа қатысу үшін талапкер нысаналы топқа жатқанымен қатар, ұлттық бірыңғай тестінің шекті балын жинауы қажет.

Пікір жазу