Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ ТУЫ МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

«АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ ТУЫ МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» облыстық марафон эстафетасының туы шағалалы Шардара ауданынан мақталы мекен Мақтарал ауданынының жастарына салтанатты түрде табысталды.

Жастар арасында өткен қорытындылау іс-шарасы Шардара су қоймасының жағалауында 400 — ге жуық жастардың қатысуымен өтті.

Ауданда алғаш рет өткен эстафетаны табыстау рәсіміне келген қонақтар мұражай жәдігерлерімен, қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысудан бастап, әрі қарай шара шеңберінде жағажайда ұйымдастырылған футбол, волейбол, балық аулау, суда жүзу және желкенді қайық іспетті спорт ойындарын тамашалады.

Іс — шараға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша аудандаралық басқармасының басшысы С.Жантөреев өткізіліп жатқан марафонның маңыздылығын атап, марафонға белсене қатысқан азаматтарға Алғыс хаттар тапсырды.

Эстафета аясында өткен шарада кітап пен туды табыстаушы аудан Шардара ауданының Әкімі Қ.Жолдыбай қорытындыласа, ал қабылдап алушы аудан Мақтарал ауданы әкімінің м.а. Б.Төребеков сеніп тапсырылған шараны өз аудандарында жоғары дәрежеде өткізетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, ТүркістанКентау қалалары мен СозақБәйдібекОтырарОрдабасыСайрамТүлкібасТөлеби және Шардара аудандарында өтті.

Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтуде, ал марафонның соңғы Форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.

Пікір жазу