Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан жылу беру маусымына дайындалуда

Түркістан жылу беру маусымына дайындалуда

Түркістан жылу беру маусымына дайындалуда. Бүгін қала әкімі Рашид Аюпов қазандықта болып, қаланы 2019-2020 жж. жылыту маусымына дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

№2 қазандықтың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 37 418,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңға жөндеу жұмыстарының 60% орындалған.

Көмірмен қамтылуы: Орталық жылу қазандығын қатты отынмен қамтамасыз ету үшін 16000 тоннаға 10123 теңгеден 161971,2 мың теңгеге «Самғау Жасқанат» ЖШС-мен келісім шарт түзілді.

Орталық жылу қазандығын қатты отыннан, табиғи газға ауыстыру бойынша: «Жылу» МКК-де қатты отыннан табиғи газбен жұмыс жасайтын қазандық орнатуға ЖСҚ дайындауға, жергілікті бюджеттен 4889,0 мың теңге бөлінген конкурс жарияланып, мердігер «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС жеңімпаз атанып, ЖСҚ дайындалып сараптамаға жіберілді.

Отырар мөлтек ауданын жылумен қамтамасыз ету: Отырар мөлтек ауданындағы жаңа салынған 26 көпқабатты тұрғын үйді жылыту үшін № 3 қазандық құрылысы аяқталып, сұйытылған және табиғи газ горелкасы орнатылған.

Жалпы, үйлер мен ғимараттарды қысқа дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Пікір жазу