Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРНАЙЫ ІС-САПАР

АРНАЙЫ ІС-САПАР

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді. Министр іссапар барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Сапар орталығы және Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК баспасөз  қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркістан қаласында тұңғыш рет бой көтеріп жатқан Сапар орталығының ерекшелігі мен маңызына тоқталған министр ғимаратты музей жабдықтарымен қамтамасыз ету және туристерге ыңғайлы орта қалыптастыру мен экспозициялық залдарды жабдықтау бойынша министрлік тарапынан тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.
Ортағасырлық Күлтөбе қалашығындағы 4 гектарға жуық аумақта жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысқан министр зерттелген аумақтарға дер кезінде консервация және реставрация жұмыстары жүргізілуін тапсырды. Сондай-ақ, Күлтөбе қалашығының цитаделіндегі жабынды ауыстыру жөнінде «Қазқайтажаңарту» РМК және Қазақ ғылыми зерттеу мәдениет институтына арнайы тапсырмалар жүктеді.

«Күлтөбе» қалашығындағы ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстары ескерткіштің барлық тарихи кезеңдерін анықтап, нәтижесінде қалашықты ашық аспан астындағы музейге айналдыруға бағытталған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу