Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Білім ордасы бой көтеруде

Білім ордасы бой көтеруде

Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында 300 орынға шақталған мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында басталды. Ғимарат 2019 жылдың қыркүйек айының соңында тапсырылады.

Құрылыс нысанында қазіргі таңда 120 ға жуық жұмысшы жұмыс істеуде. Жұмысшылардың барлығы өзіміздің жергілікті азаматтар. Құрылысқа қажетті материалдар оның ішінде кірпіш, жылыту батареялары, құрылыс материалдар Қазақстанда өндіріліп, барлығының дерлік сертификаттары бар. Соның ішінде кірпіш, бетон, плита өзіміздің «Ныш-ЕР» ЖШС де өнідірілген. Негізгі ғимарат 3 блоктан тұрады. 1-ші блок бас корпус 3 қабаттан тұрады, 2-ші корпус спорт залы мен асхана одан бөлек оқушылардың жуынатын, киім ауыстыратын бөлмелері орналасқан. 3-ші В блогы бастауыш сыныптарға арналған корпус. Ғимараттың жалпы аумағы 6900 м.м. Ал, үш нысанның аумағы 3241 м.м. қамтиды. Мектептің әр блоктарында заманауи талаптарға сай сан узелдер, лабороториялық сыныптар, биология, химия кабинеттері, жиһаздар, ауыз сумен қамтылған. Мектептің сыртында баскетбол, валейболға арналған спорт алаңдары бар.

Пікір жазу