Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кентаулық көпбалалы отбасы тауық өсіруді қолға алып отыр

Кентаулық көпбалалы отбасы тауық өсіруді қолға алып отыр

Көпбалалы әке Әбдірахман Абденов балаларына берілген атаулы әлеуметтік көмекке 10 аналық күрке тауық, 120 шөжегімен, 15 қазы алған.

Бұл туралы Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

» Екі ай болды алғанымызға. Кішкентай балам армандап жүретін, есік алдымыз тауық, қаз баққанға жайлы жер болғандықтан соларды бақсам ғой дейтін. Мемлекетіміз сол арманды естіп қойғандай, алғысымыз шексіз» -дейді әке. Жұбайы бьла санына байланысты зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде үй шаруасындағы ана. Ал Әбдірахман әкей ауылдағы қоғамдық жұмыста еңбек етеді. Табыс көзі аз болғандықтан отбасылық шаруашылықты дамытуды қолға. Күрке тауықтарды бағуға балалары қолғабыс болып отыр. Алдағы уақытта берілетін қаржыға тауықтың санын көбейтіп, қора-жай салсам дейді. «Тауыққа азаннан тамақ бере бастаймыз. Күндігіне 4-5 келі жем жейді. Өскен сайын көп сұрай бастайды. Күндігіне 3 мезгіл тамақтандырамыз.» — деген 5 балалы әке болашақта тауықтың жұмыртқаларын сатуды көздеп отыр.

Пікір жазу