Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кәсібі кеңейген «Шахнұр» шаруақожалығы

Кәсібі кеңейген «Шахнұр» шаруақожалығы

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 1996 жылдан бері ауылшаруашылықпен айналысып келе жатқан Уәлихан Асаев, жылыжаймен айналысқандардың ішіндегі алғашқысы. 2010 жылы 10 соттық жерден жылыжай салып, мол өнімін алған шаруа.

Кәсібін ұлғайтпақ ниетте мемлекеттен жеңілдетілген несие алған. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үшін тіпті шетел Израйлдегі шаруалардан кеңес алған. Бүгінде шаруасы кеңге жайылып 30 соттық жерден жылына 40 тонна өнім алып отыр. Қиыр, қызанақтан бөлек лимон өсімдігін өсіруді де қолға алған. 20 түп лимон ағашының әрқайсысынан 50-150 келі аралықта өнім жинап алады. Қол астында 10-ға жуық адам жұмыс істейді. » Жинаған өнімдерімізді Кентау қаласына, қаланың дәмханаларына, сонымен қатар, қала әкімдігінің қолдауымен әр аптаның сенбісінде өтетін азық-түлік жәрменкесінде өз өнімдерімізді сатамыз. Өз қаламыз бен ауылдан артылып жатқан жоқ» дейді шаруақожалық иесі. Өз жұмысыны сүйіп жасайтын шаруа, мемлекеттің әрдайым шаруашылыққа көңіл бөліп, көмек беріп келе жатқандарына айтар алғысы шексіз.

Пікір жазу