Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сенат депутаттары Түлкібас ауданында

Сенат депутаттары Түлкібас ауданында

Сенат депутаттары Түлкібас ауданындағы сапар барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кездесуге Түркістан облысының мәслихат депутаты Өркен Есей де арнайы қатысты. Басқосу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту барысындағы түрлі бағыттар сөз болды. Сонымен қатар, медициналық инфрақұрылымды дамыту, жекеменшік медицина мекемелеріне қолдау көрсету мен дәрігерлер тарапынан туындаған кейбір оқылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сенатор Әли Бектаев жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту, жұмыс орындарын ашу бағдарламасына тоқталып өтіп, іс-шаралардың қарқынды жүріп жатқанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, әлеуметтік бағыттарды да назардан тыс қалдырмау қажет екендігі аталып өтілді. Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттары ұсыныстар мен сұрақтарын қойып тұшымды жауап алды. Қойылған сауалдардың бірқатары көгілдір отын, яғни газ құбырларын тарту кезіндегі олқылықтардың алдын-алу шараларына қатысты болды.

Пікір жазу