Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Мәжілісте бірқатар мәселелер қаралды

Мәжілісте бірқатар мәселелер қаралды

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Абдуалиевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен жер және салық мамандары, мемлекеттік кірістер басқармасы, БТИ, Әділет басқармасы және БАҚ өкілдері шақырылған.


Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
— Түркістан облысының Экология департаментінің басшысы орынбасарының м.а. Қ.Ақылбеков түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар, қалдықтарды бөлек жинау, кәдеге жарату, бей-берекет орналастырылған қалдықтар, және рұқсатсыз жер қойнауын пайдаланған жеке және заңды тұлғалар туралы, жылыжайлар иелерінің арасында негізсіз наразылықтардың алдын алу мақсатында және олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысы туралы хабарлама оқыды.
— Ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтардың зерделеу бойынша жұмысшы тобының үйме –үй аралау барысында анықталған кемшіліктерді жою барысы туралы баяндама жасады.
Жиын соңында аудан әкімі Қ.Абдуалиев тиісті бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округі әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

Пікір жазу