Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 2 ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 2 ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы №15 үйдің және Төлеби көшесінің бойында балалар ойын алаңшалары мен Street workout спорттық алаңы пайдалануға берілді. Ойын алаңшаларының ашылуына қала, ауылдық округтерінің ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Балаларды спортқа баулу үшін беріліп отырған нысандар заман талабына сай жасалып, барлық техникалық қауіпсіздік сақтала отырып, отандық өнімдерден жасалған. Балалардың жарақаттанбауы үшін резина төсеніштері төселген.
Шад-шадыман болып жүрген бүлдіршіндерге әкімдік тарапынан балмұздақтар таратылды.
Аталмыш ойын алаңдарының құрылысын «Step Park KZ» мердігер мекемесі жүргізіп, балаларды қуанышқа бөледі. Енді бүлдіршіндердің өз ойын алаңшалары болады. Мұны көрген балақайлар мен ата –аналардың қуанышында шек жоқ.

 

Пікір жазу