Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Төлеби: «Бірге – Таза Қазақстан!»

Төлеби: «Бірге – Таза Қазақстан!»

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің ұйымдастыруымен республикалық «Бірге – Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясы ауданымызда өз жалғасын тапты.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, бүгін Алатау ауылдық округіндегі Біркөлік – Ақмешіт өзендерінің қиылысынан таңғы сағат 8.00-де бастау алған сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, сала мамандары, аудандық мәслихаттың депутаттары, этно-мәдени орталықтар,тұрғындар мен жастар атсалысып, жұмыла кірісті. Әрқайсысы өз мекемесіне қарасты өзен бойлары мен жер учаскесін тазалап, жиналған қоқыстарды бір жерге үйіп, арнайы жүрген жүк машинасына жүктеді. Экологиялық акцияға 1000-нан астам адам қамтылып, 4 техника жұмылдырылды. 25 тонна қоқыс шығарылды.

Еске сала кетейік, еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин «Бірге – Таза Қазақстан» атты экологиялық акция өткізу жөнінде бастама көтерген болатын.Бұл ЭКО-Челленджге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолдау білдіріп, Отанымызды таза аймаққа айналдыруға шақырды.

Пікір жазу