Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ: ОРТАЛЫҚ АЛАҢ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

ТӨЛЕБИ: ОРТАЛЫҚ АЛАҢ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Ленгір қаласының орталық алаңы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбековтің бастамасымен аббатандырылған орталық алаң балалар мен ересектердің жайлы демалулары үшін жасалып отыр. Жаңаша кейіпке енген алаңда су бұрқағы, шағын демалыс орындықтары және түнгі жарық шамдар қойылған. Ұялы телефондарды қуаттауға да мүмкіндіктер жасалған.

Сондай-ақ, қалада орын алып жатқан жаңалықтарды көрсету үшін Ленгір қаласы әкімі аппараты ғимаратының маңында арка мен «LED» экран іске қосылды.

Аудан тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту жұмыстары мұнымен біткен жоқ. Ағымдағы жылы Ленгір қаласының Төлеби және Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы 12,7 гектар шатқалды аббаттандыру жоспарланып отыр. Мұнда 1200 ағаш отырғызылып, 3 су бұрқағы, орындықтар, жол аяқтар, шамдар орнатылатын болады.

Сонымен қатар, 6,0 шақырым Төлеби көшесіне, 3,3 шақырым Ә.Бектаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары және Ленгір қаласындағы жалпы 13,7 шақырымды құрайтын 12 көшенің жолына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Пікір жазу