Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Шымкентте робототехника бойынша кездесу өтті

Шымкентте робототехника бойынша кездесу өтті

Шымкенттегі Мирас университетінде «Bilim ortalygy” жобасы аясында «Digital Talks” алаңында жастарға арнап робототехника бойынша кездесу өтті.

Бұл жобада университет қабырғасында білім алумен қатар, еліміздің робототехника саласының дамуына үлес қосып жүрген екпінді жастармен курс ашу аясында студенттер электр тізбегі теориясының негіздерін, Ом заңын, Arduino UNO тақтасының аппараттық интерфейсін, Arduino синтаксисін қолдана отырып бағдарламалау мәселелерін шеше алды.

Бұл курсты IT ақпараттық-коммуникацияның аға оқытушысы Жорабек Муxиддинов жүргізді. Ол өз сөзінде өсіп келе жатқан жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеретіндігін, адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданатын уақыттыңда алыс емес екенін айтып өтті.

Курс 8 сағаттық вебинардан тұрды. Көзге түскен 2 қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталып, басқа қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Күні кеше қолға алынған бұл сала индустрияландырудың басты нысанына айналуы әбден мүмкін. «Біздің ойымызша, жетістіктер бізде әлі де болады, тек қана сәл ғана күте тұру керек.Ең бастысы шын ниетпен еңбектенсек, алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз», — дейді кездесуге қатысқан жастар.

Пікір жазу