Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы келді

Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы келді

Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен бұл қызметті Асхат Жұмағали атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, Асхат Жұмағалидің құқық қорғау жүйесінде тәжірибесі мол, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында жұмыс істеген. Еңбек жолын прокуратураның қатардағы маманынан бастап, өңірлік департамент басшысына дейін барлық лауазым сатыларынан өткен.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды. Қоғаммен тығыз байланыс орнату үшін Асхат Жұмағали Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жоспарларымен бөлісті. «Департаменттің алдағы қызметін ашықтық, қол жетімділік және айқындылық қағидаттарында құруды жоспарлаудамыз. Бүгінде әлеуметтік желінің мемлекет пен қоғамның өзара байланысының тиімді құралы ретінде өсіп келе жатқан рөлін көріп отырмыз. Осыған байланысты Facebook-те өз парақшамды аштым және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатамын деп үміттенем», — деп атап өтті ол жазбасында.

Сондай-ақ, департамент басшысы барлық тұрғындарды өзара тиімді байланыс орнатуға шақырды. «Жұмысымызда қоғам санасын өзгертуге құштар азаматтардың көмегі әрқашанда қажет. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз кез келген жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік ахуалын құра аламыз. Парасат, әділдік және адалдық — сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі болуы керек» — деп атап өтті Асхат Жұмағалиұлы.

Пікір жазу