Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРБАН АЙТ — МҰСЫЛМАННЫҢ ЕҢ ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ!

ҚҰРБАН АЙТ — МҰСЫЛМАННЫҢ ЕҢ ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ!

ҚҰРБАН АЙТ — МҰСЫЛМАННЫҢ ЕҢ ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ!


Қадірменді арыстықтар!
Құрметті қала қонақтары!
Баршаңызды игі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Біздің халқымыз бұл мейрамды сан ғасырдан бері ерекше қадірлеп, айрықша атап өткен. Бүгін міне, мұсылмандардың ұлық мерекесі — Құрбан айт мейрамы басталды.
Осынау ұлы мейрамды еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен мемлекеттік деңгейде атап өтуге қол жеткізілді.
Тәуелсіз Қазақстанның басым бөлігін құрайтын Ислам дінін ұстанушылар ынтымақ-бірлігі, достығымен дүниежүзінің назарын өзіне аударып, үлгі болуы біз үшін мақтаныш.
Тәуелсіздіктің тартуы осы — бесіктегі баладан төрдегі ересектерге дейін барша отандастарымызды айт мейрамын жыл сайын сағына күтетін деңгейге жеттік.
Жалпы ислам дініндегі мейрамдардың барлығы мұсылман қауымын ғана емес, сонымен бірге адамзаттың дүйім жұртын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратыны белгілі.
Құрметті арыстықтар!
Елдігіміз бен кеңдігіміз сыналар тұста бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауыр сынақтан да аман-есен өттік.
Енді міне, Жаратқанның жазуымен, елдің құлшылығы мен көптің тілеуімен бейбіт күнді де көруді бұйыртқан екен! Шүкір делік.Талай кезеңнің қиындықтары мен тарихтың сүрлеуін көрген арыстықтар қашан да өздерінің өрлігімен сын сағаттарды артқа тастағанын халқымыз біледі. Тоғыз жолдың торабындағы жұртшылықтың көрегенділігі мен пайым-парасатының арқасында қаншама қиындықтар еңсеріліп келеді. Ендеше, Құрбан айт тек жақсылықтардың бастауы болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Сіздердей өр халқымыз барда қала әлі талай белесті бағындыратынына сенімдімін.
Еңбектеріңіз жанып, елдің тұрмысы түзеле берсін!
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыздың іргесі мығым болып, елдің қамы үшін жұдырықтай жұмыла білейік қашан да!

Ізгі ниетпен, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек.

 

Пікір жазу