Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС ҚАЛАСЫНДА МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

АРЫС ҚАЛАСЫНДА МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Арыс қаласындағы «Лидер» балабақшасында жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу.
Акция аясында Арыс қаласындағы білім ошақтарындағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 120 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді.


Акцияға Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұ.Сәдібеков, облыстық мәслихат депутаты, Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, Шымкент қалалық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Ж.Білісбеков, Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танагөзов, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сәрсенбековтер қатысып, атсалысты.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Пікір жазу