Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС: ТИІМДІ ДҮНИЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

ТҮЛКІБАС: ТИІМДІ ДҮНИЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

Орталық емханада ашылған жаңа қызмет түрлері бүгінде халықтың көңілінен шығып, қажеттеріне жарауда, деп хабарлайды Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен қабылдау бөлімінің сәнді көрінісі кімді болмасын қызықтырып, көңілін қуантады. Ауырып ем іздеп барған науқастар жайлы, таза, жарық жерде отырып, кезегін күтеді. Қаласа «Түркістан адалдық алаңындағы» психологтармен сырласып, ой бөлісе алатын мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік қызметтер орталығы» болып ашылған жаңа қызмет түрі- мүмкіндігі шектеулі жандарды күтіп алып, оларға жағдай жасап, бабын келістіруді қадағалайды. Арнайы бұрышта отырған қыз-жігіттер мүгедектерге арналған арбаға науқасты салып алып, тиісті дәрігерден, жолдағы көлігіне дейін шығарып салады. Бұл- үлкен көрегенділік пен тәрбиеліктің, мейірімділіктің көрініс екені даусыз.

Ал, арнайы бекітілген психолог мамандар көп балалы аналармен қатар бүкіл науқастардың көңілін тауып, ауруынан азда болса сергітіп алу үшін барын салады. Өйткені, ондай міндет- мамандарға артылған жауапкершілік. Қуантарлық тағы бір жаңалық, цифрлы теледидардың қабылдау бөлімінің үлкен залына орналасуы. Бұл ақпаратты теледидар арнайы сайт арқылы жұмыс жасайды. Емханаға келуші науқастар немесе дәрігер кеңесін алушылар осы теледидар арқылы қалағанын көріп, дәрігер кезегіне жазыла алады. Тиісті нүктені бассаңыз, денсаулығыңызды сеніп тапсыра алатын дәрігеріңіз жайлы ақпаратты толық ала алатын мүмкіндігіңіздің барын да ескеретеміз. Сонымен қоса, бұл жаңа дүние арқылы сіздер дәрігердің жұмыс кестесін де толық біле аласыздар. Қай уақытта бос болатынын, сол уақытқа жазыла алу мүмкіндігін де осы сайттан табасыздар. Кезінде емхана барып келген жақындарымыздан «таңертеңнен кешке дейін сандалып жүрдім, шаршадым» деп айтқандарын көп есітетінбіз.

Ал қазір жағдай да, заман да мүлде бөлек. Емханада ашылған жаңа қызмет түрі арқылы сіздер, қалаған уақытыңызда келіп дәрігерге қаралып, уақытты да үнемдей аласыздар. Аз уақытта денсаулығыңызды реттеуге мүмкіншілік туды деген осы болар. Тіптен қаласаңыз, үйде жатып-ақ, қалта телефоныңызға арнайы сайтты тіркеп алып, көрсетілген құпия кодыңыз арқылы қосылып, жұмысыңызды тындыра аласыз. Бұл- цифрлы, ақпаратты Қазақстанның кезекті дүниесі деп білеміз. Енді баяғыша есік-есікті сығалап, аяқ пен табан тоздыру ескінің есесінде қалған дүние. Жаңаның жаңалығын жанымызға жарату үшін халықты осындай ақпаратты технологияға үйрету керек екенін білеміз. Сол себепті де, көзі ашық, көкірегі ояу аудан тұрғындарын тап осы тиімді дүниені әжеттеріне жаратуды әдетке айналдырса деген ниет білдіреміз.

Пікір жазу