Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС: КІТАПҚҰМАР БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

ТҮЛКІБАС: КІТАПҚҰМАР БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

Жуырда Түркістан облыстық мәдениет басқармасының тапсырмасына сәйкес, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйытқы болуымен «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп кітап оқитын балалар арасындағы «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты байқау өтті, деп хабарлайды Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Байқау әр жылы өзекті тақырыптар аясында руханияттың қазығы – әдеби мұраларды жаңғырту, кітапхана оқырмандарының талаптарын одан әрі ұштап, зейінін кітап оқуға аударту, кітапқұмар балалардың оқу бәсекесін арттыру, олардың биіктен көрінуіне қамқорлық таныту мақсатында ұйымдастырылып келеді. Биыл байқау бесінші мәрте өткізілд Байқауға іріктеу барысында балаларға рухани мол мұралар жазған, балалар әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосқан Б.Соқпақбаевтың, қазақтың үш бәйтерегі, руханияттың алып тұлғалары С.Сейфуллин, Б.Майлин және І.Жансүгіровтың шығармалары насихатталды. Байқауға 7-10 жас және 11-15 жас аралығындағы аудан бойынша балаларға қызмет көрсететін кітапхана филиалдарының оқырмандары үміткер ретінде қатысты. Шараға қатысушы үміткерлер жас ерекшеліктері бойынша (7-10 жас және 11-15 жас) «Әр оқырман – бір әлем» және Бук бинго кезеңдеріндегі байқау шартына сәйкес бақтарын сынады. Сарапшылар алқасы үміткерлердің тіл тазалығы, сахнада өзін ұстау мәдениеті, шығарманы бойына сіңіру, білімін бағалап, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған үміткерлерді жариялады. Байқау нәтижесінде сарапшылар алқасының ұйғарымы бойынша бағаланып, дипломдармен марапатталды. Қалған үміткерлер алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу