Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АҚБИКЕШ МҰНАРАСЫ

АҚБИКЕШ МҰНАРАСЫ

Созақ ауданындағы Ақсүмбе ауылына бара қалсаңыз ауылды көріп болмас бұрын сонау алыстан «мен мұндалап» тау етегінен 200 метрдей жоғары биік жотаның төбесіне орналасқан мұнара көзіңізге түседі. Бұл – орта ғасыр тарихшылары Хафиз Таныш, Мір Мұхаммед әл-Бұхари, Низам ад-дин Шами мен Шfреф ад-дин Али Иездиден бастау алып, әр кезеңде қызыға қалам тартқан В.Г.Тизенгаузен, В.В.Бартольд, В.Л.Воронина, Әлкей Марғұлан мен Карл Байпақов сынды ғалым жазбагерлердің еңбектеріне кейіпкер болған «Ақбикеш мұнарасы». Бұл – сонау ХІІІ ғасырда моңғол қағаны Мөңкеге бара жатып, жолай осында қосын тіккен Армения патшасы Гетум І-дің тамсана қараған немесе Дешті Қыпшаққа жорық жасап, қайтарында басына келіп, Ақсақ Темір құранын бағыштаған қасиетті де киелі мекен – Ақбикеш мұнарасы.

Ақбикеш туралы ел аузында бірнеше алыпқашпа аңыз әңгіме бар. Бірінде Ақбикеш ертеде есімі ел құлағына шалынған ерке қыз болған екен. Қосыла алмаған ғашығын осында жерлеп, қырық жыл бойы қайыр тілеп, басына осы күмбез мұнараны соқса, екіншісінде Алшын руының аяулы қызы екен дейді. Ел шетіне жау тигенде алты ағасымен қатар аттанып, қанды жорықта ел азаттығы үшін жау қолынан мерт болыпты. Халқы оны ардақтап, арулап төбе басына жерлейді де, есімін мәңгі есте сақтау үшін және моласын ашып жаулары денесін қорлай алмастай етіп үстіне осы мұнараны тұрғызған екен. Ендігі бір аңызда тосыннан болған шапқыншылықтан әбден мезі болған халықты сақтандыру үшін арнайы соқтырған Ақбикеш атты қыздың хабаршы-шабарман тұратын қарауылханасы екен.

Тарихшы Шараф ад-дин Жүздиннің «Зафарнамесінде» («Жеңіс кітабы») Әмір Темірдің 1389-1390 жылдардағы Тоқтамысқа қарсы жорықтарын бақылап отыру үшін Қаратау шыңына салынған Қарауыл мұнарасы ретінде айтылады.

«Қазыналы Оңтүстік» ғылыми-көпшілік басылымы

Пікір жазу