Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНҒА ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР КЕЛДІ

ТҮРКІСТАНҒА ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР КЕЛДІ

Бүгін Түркістан облысына бір топ шетелдік басылымдардың тілшілері келіп, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне саяхат жасады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын халықаралық деңгейде ілгерілету шеңберінде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен «мәдени» баспасөз — туры Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аустрия, Германия, Италия, Корея, Қытай, Мысыр, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Швеция, Швейцария  сынды мемлекеттердің, атап айтқанда «Specchio Economico» (Италия), «Global Times» (Қытай), «Le Figaro» (Франция), «Korean Broadcasting System» телеарнасы (Корея), «The Holiday Magazine» (Ұлыбритания) жиырмаға жуық журналисі тұран даласының тарихымен танысуды алдымен Арыстанбаб кесенесінен бастады.

Ондағы көне жәдігердің архитектуралық ерекшелігі мен тарихи мән-маңызы журналистердің қызығушылығын оятып, таң — тамаша етті.

 

Пікір жазу