Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫСТЫҚ БҮЛДІРШІНДЕР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

АРЫСТЫҚ БҮЛДІРШІНДЕР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

Соңғы жылдары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп,  тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата — аналарының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына біршама көмегін беріп келеді. Білім мерекесі қарсаңында ауқымды шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын алып беру.

Осы орайда, бүгін Арыс қаласындағы орталық «Ысқақ» мешітінде жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу.
Акция аясында Қызылорда облысынан арнайы келген «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорзис» Акционерлік қоғамының ұжымы Арыс қаласындағы білім ошақтарындағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 165 бүлдіршінге мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді.

 

Пікір жазу