Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАРДЫ МАЗАЛАҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

ТҰРҒЫНДАРДЫ МАЗАЛАҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

Бүгінде облыс тұрғындарын заңсыз жер берілуі, қараусыз қалған ауыл ахуалы мен жауапсыз қалған арыз-шағымдар мәселесі мазалайтын көрінеді.

Түркістан  облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысы бойынша тілшісі  Ғалымжан Елшібаев өңір тұрғындары арасында жеке қабылдау өткізді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Биданныңматериалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Онда он адамның өтініш-талаптары қаралып, тұрғындар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға  нақты жауаптар берілді. Ғалымжан Елшібаев тұрғындардың талап-тілектеріне терең үңіліп, аталған өтініштерді заңнама аясында шешу жолдарын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта  Ескі Иқан ауылына журналистік зерттеу жүргізетіндігіне және көтерілген мәселелер бойынша оң шешім табатындығына  уәде етті.

Жеке қабылдауға жазылған азаматтар жұмыстан себепсіз босатылу мен заңсыз жер берілу мәселелері, сондай-ақ қараусыз қалған ауыл  ахуалы мен жауапсыз қалған арыз-шағымдар  бойынша өз өтініштерін  білдірді. Алдағы уақытта бұл мәселелердің шешу жолында жұмыстар жүргізіледі.

 

Пікір жазу