Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАЙТАЛМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

МАЙТАЛМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Ордабасы ауданында бір топ журналистер «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталды. Мемлекеттік идеологияны халыққа жеткізу бағытында аянбай тер төгіп жүрген қаламгерлерді Қазақстан мәслиxат xатшылары қауымдастығының төрағасы Баймаxан Сәдуақасов табыстады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Марапатқа ие болғандардың арасында Републикалық және облыстық телеарна басшылары мен белгілі басылымның тілшілері бар. Атап айтқанда, республикалық 31-Арнаның осы өңірдегі тілшісі Ерлан Қуандықов және «Оңтүстік» теларнасының директоры Уәли Сағындықұлы Қыдыровта бүгін марапат биігінен көрінді. Марапаттау кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы ролі де сөз болды. Қаламды қару еткен журналистер қауымының саяси сахнадағы еңбегі ерен. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын маңызы терең саяси құжаттарды талқылауда және оны түсіндіруде кәсіби шеберлік керек. «Бүгінде басылымдардың саны жағынан республикада алдыңғы орынан көрінетін түстік өңірде журналистер қауымы  жауапты міндеттерді мінсіз атқарып жүр» деді, сөз алғандар.

Пікір жазу