Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ШЫМКЕНТТЕ «ЗИЯТКЕР» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ!

ШЫМКЕНТТЕ «ЗИЯТКЕР» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ!

Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Шымкент қаласында «Зияткер» білім беру мектебі ашылды. Балаңыздың жан-жақты дамуына күш салатын орталыққа білікті мамандар, білгір ұстаздар тартылған. Алтыншы сыныпқа дейінгі балаларды қабылдайтын мекеме сапалы білім беріп қана қоймай, түрлі үйірмелермен салауатты өмір салтын ұстануға баулиды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанұлының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Лентасы жаңа ғана қиылғанымен білім көкжиегінде 30 жылға жуық тәжірибесі бар жоғары санатты педагогтар, мектеп болып құрылып жұмысын бастады. Құрылтайшысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып тәжірибесі шыңдалған. Елге оралған ер алғашында «Зияткер» оқу орталығын ашып, дәріс берді. Оқушы саны артып, шәкірттердің көбеюі мектеп болып құрылуға жол ашты. Шет елде, мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген азамат, енді    сол білім мен  тәжірибенің қайтарымын елге арнамақ.

Ағылшын, математика, логика, робототехника, жалпы білім саласының иновациялық жобаларын меңгеру мектептің негізгі мақсаты. Орталықтың мектеп дәрежесін алғанына алғаш болып қуанғандар, бала болашағынан үмітті ата-ана.

Ұл-қызыңыздың сапалы білім алып, білім шыңын бағындырғанын қаласаңыз «Зияткер» мектебіне келіңіз. Мекен жайы: Қонаев даңғылы 36/1

 

Пікір жазу