Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ДА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ДА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА

Арыс тұрғындарына халықаралық ұйымдар да көмек қолын соза бастады. Алғашқылардың бірі болып, Қазақстан Қызыл Ай халықаралық қоғамы мен Түркиядағы жақтаушылары қолдау білдірді. Қасиетті Құрбан Айт мерекесіне орай мың тонна ірі қараның етін таратты.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Арыста апат орын алған күннен бастап, Қазақстан Қызыл Ай халықаралық қоғамы мен Түркиядағы жақтаушылары бірігіп зардап шеккендерге көмек қолын созды. Жарылыс болған күні жанұясынан адасып қалған отбасы мүшелерін табыстыру үшін барын салды. 750 ге жуық  адамға арнап, 21 келі ас ауқатпен, тұрмысқа қажетті керек — жарақтарын үлестірді. Қасиетті Құрбан- Айт мерекесіне орай 200 адамға арнап ірі қараның етін таратты.

У.Акбас — Түрік Қызыл айы халықаралық бөлімінің басшысы: Арыстағы оқиға кімді болсын алаңдатпай қоймады.  Отандастарымызға қиын қыстау кезеңде көмек қолын созып,  олардың жағдайын көзбен көріп, мұқтаждарға барынша көмек көрсету мақсатында арнайы келіп отырмыз.Азық-түліктен бастап, тұрмысқа қажетті барлық заттарды тараттық. Қазақ елінің ауызбіршілігі мен бауырмалдығы мені тәнтті етті.

 Болат Өтемұратов қоры Арыс қаласындағы тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы отбасыларына 60 млн теңге  қаржы аударды. 360 отбасына шаққанда 30 мың теңгеден берілді.

Бұл аталған халықаралық қоғамның алғашқы және соңғы көмегі емес. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі азамттардың мұқтаждығына қарай, арнайы қол арба үлестірмек. Зағиптарды ұялы телефонмен қамтуды қолға алмақ ниетте.

 

Пікір жазу