Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтіп, бірнеше мәселелер оң шешімін тапты.

Қоғамдық қабылдауға Нұранов Асланбек Тұрабекұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Қуанышбеков Бахытжан Шераханұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кеңесшісі; Монтаев Талғат Оралұлы – Түлкібас ауданы прокурорының орынбасары; Алиев Тельман Динамалиевич – Аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары; Әміров Айбек Пірімжанұлы – «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының сарапшысы қабылдап, өтініш иелерін тыңдады. Қабылдауда бірнеше мәселелер қаралды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек, көше тұрғындары арасында туындағын дауларды оңтайлы шешіп беру жөніндегі сұрақтар көтерілді. Әр бір келіп түскен өтініштің оң шешімінің табылуына ықпалын етіп, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы алдағы уақытта да мемлекеттік мекемелер, бизнес-қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемелерімен бірлесіп азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге дайын екендігін көрсетті.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу