Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА АРНАЙЫ ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА АРНАЙЫ ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

Халық қалаулысы Түлкібас ауданына арнайы іс сапармен келді.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайназаров Уалихан Анарбайұлы Түлкібас ауданына арнайы іссапармен келіп, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында аудан мәслихатының депутаттары және қоғамдық ұйымдардың төрағаларымен кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулысы Уалихан Анарбайұлы «Нұр Отан» партиясы тарапынан елімізде атқарылып жатқан жұмыстар барысына кенінен тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті.
Жиынға қатысушылар тарапынан Мәжіліс депутатына біршама ұсыныстар айтылды. Тиісінше, Уалихан Анарбайұлы тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығы назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.

Мұнан соң халық қалаулылары «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы Шақпақ ауылдық округі аумағында соғылып жатқан жер асты өткелінің (тунель) жұмысымен және  Шақпақ ауылдық округінде орналасқан «Кен-тау» ЖШС-нің жеміс-жидек сақтайтын қоймасымен танысты.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*