Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Мәжіліс депутаты Шақпақ ауылдық округінде болды

Мәжіліс депутаты Шақпақ ауылдық округінде болды

Бүгінгі Түлкібас ауданына арнайы іс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайназаров Уалихан Анарбайұлы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы Шақпақ ауылдық округі аумағында соғылып жатқан жер асты өткелінің (тунель) жұмысымен танысты.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

840 метрді құрайтын екі жақтамалы жер асты өткелінің бүгінгі таңда 65 пайызы аяқталған. Аталмыш нысан биылғы жылы аяқталуы керек болатын. Алайда, қазба жұмыстарын жүргізу барысында орын алған кедергілерге байланысты нысан құрылысы 2020 жылға өтбелі болып отыр.

Келесі кезекте Мәжіліс депутаты Шақпақ ауылдық округінде орналасқан «Кен-тау» ЖШС-нің жеміс-жидек сақтайтын қоймасымен танысты.
Бүгінгі таңда «Кентау» ЖШС-ң барлық бау көлемі 210 гектар болса, оның ішінде қарқынды бау көлемі 160,0 гектарды құрайды.
Аталмыш шаруашылық серіктестік фуджи, голден делишес, айдалет, редделишес, семерянка сынды алма сұрттарынан өнім алады. Экологиялық тұрғыда таза Түлкібас алмасын соңғы замануи талаптарға сай соғылған, сыйымдылығы 2000 тоннаға дейін қауқарлы арнайы қоймада сақтап, қыс мезгілінде еліміздің әр өңірінің сауда орталықтарына өткізеді.

Пікір жазу