Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР МЕН БАПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР МЕН БАПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Тәуелсіз еліміздің әлемдік спорт додаларында биіктен көрінуіне Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының спортшылары да өз үлесін қосып келеді.
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлыққа сәйкес «Спорт күні» кәсіби мерекесі елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі жыл сайын жоғарғы деңгейде аталып өтілуде. Осы орайда, кеше аудан орталығындағы мәдениет үйінде аудан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген спортшылар мен бапкерлер және ардагерлерді марапаттау шарасы өтті.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Іс-шараның ашылу салтанытында сөз алған аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, біздің ауданымызда спортқа ден қойған адамдар саны жылдан жылға арта түсуде. Спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді. Олар республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге жетуде. Толағай табыстарда жаттықтырушыларымыздың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын айта кеткен артық болмас. Келешекте біздің спортшыларымыз жаңа белестерді бағындырып, бұқаралық спорт отандастарымыздың күнделікті өмір салтына айналарына сенімдіміз. Спорт күні барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, ардагерлерді, спортқұмарлар мен жанкүйерлерді мерекелерімен құттықтай отырып, мықты денсаулықтың арқасында жаңа табыстарға қол жеткізе берулеріңізге тілектеспін дей келе, аудан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген спортшылар мен бапкерлерді алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Сондай-ақ мерекелік шара барысында аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев және «Нұр Отан» партиясының Түлкібас аудандық филиалының кеңесшісі Б.Қуанышбековте мерекеге орай ыстық лебіздерін білдіріп, спортшыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*