Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлеби ауданының әкімі Ленгір қаласының коммуналдық — шаруашылық саласын аралады

Төлеби ауданының әкімі Ленгір қаласының коммуналдық — шаруашылық саласын аралады

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты «Жарық жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыстарын көріп, қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында мекеме басшысы Даулет Сырлыбаев атқарылған жұмыстарының барысын айтып өтті.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Жарық жол» КММ-сі басшысының мәліметінше Ленгір қаласындағы бірнеше бағдаршамдар жөнделіп, қалпына келтірілген. Төлеби ауданына қарасты жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында орналасқан мектеп, бала-бақша алдына автокөлік жылдамдығын азайту мақсатында жасанды жол кедергілері орнатылып, қажетті жол белгілері қойылуда.

Ленгір қаласындағы көше бойларының күнделікті тазалық жұмыстары, мекеме теңгеріміндегі түнгі жарықтар, түнгі сәнді жарықтардың лампаларын, плафондарын ауыстыру, жарықтардың уақытылы өшіп сөндіретін таймер құрылғысы орнатылған.

Сондай-ақ, Зертас елді мекені Еламан-Сауран көшесі, Бірінші Мамыр ауылдық округі және Қайнар елді мекенінің орталық көше бойындағы жаңадан орнатылған түнгі жарықтардың қажетті құжаттары рәсімделіп, нысан пайдалануға берілген. Қиыршық тасты жол жамылғысының көлемі 5м2 аспайтын шұңқырларды асфальт қоспасымен жөндеу жұмыстары 2 ауылдық округте жасалған.

Баяндама соңында аудан әкімі мекеме қызметкерлерімен ашық сұхбат жүргізіп, уәждерін тыңдады. Сонымен қатар мекеме басшысына арнайы көліктерді қоятын бастырма жасау, аудан аумағындағы толық бітпеген шұңқырларды жөндеу, бос жұмыс орындарына өз саласының мамандарын қабылдау, гаражда тұрған техниканы, мекемеге қажетті заттарды дұрыстау сынды кемшіліктерді айтып, ретке келтіруін тапсырды.

 

Пікір жазу