Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮЛКІБАСТА СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛДІ

ТҮЛКІБАСТА СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛДІ

Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов ауылындағы орталық стадионда Кәсіби спорт күні мерекесіне орай аудандық спорт мекемелері арасында спартакиада өткізілді. Аталған жарыс спорттың 6 түрі бойынша өтті: Асық ату, кіші футбол, арқан тарту, жүгіру (100, 200, 400, 800), ұзындыққа секіру және кермеге тартылу.
Жарыс Аудандық №1 БЖСМ, №2 БЖСМ, №3 БЖСМ, Жас талап спорт клубы, Білім бөлімі, Ұлттық спорт түрлері спорт мекемелері арасында өтті.


Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша:
1. Асық ату спорт түрінен: І орын- аудандық №1 БЖСМ, ІІ орын аудандық білім бөлімі, ІІІ орын ұлттық спорт түрлері мектебі.
2. Кіші футбол спорт түрінен: І орын аудандық №1 БЖСМ, ІІ орын аудандық №3 БЖСМ, ІІІ орын Ұлттық спорт мектебі.
3. Арқан тарту спорт түрінен: І орын аудандық №1 БЖСМ, ІІ орын аудандық №2 БЖСМ, ІІІ орын аудандық №3 БЖСМ
4. Жүгіру 100м- І орын Әбен Қажымұқан (№3 БЖСМ), ІІ орын Жұмакулов Нұржан (Білім бөлімі), ІІІ орын Қасқырбеков Ербол (№1 БЖСМ); 200 м- І орын Момынжанов Мұхамеджан (№2 БЖСМ), ІІ орын Көбеев Омархан (№1 БЖСМ), ІІІ орын Сейдалиев Бағдаулет (№3 БЖСМ), 400 м- І орын Керімқұлов Бауыржан (№3 БЖСМ), ІІ орын Джансейтов Аслан (№1 БЖСМ), ІІІ орын Досжанов Нұрлыбек (№2 БЖСМ), 800м- І орын Асырауов Ербол (№3 БЖСМ), ІІ орын Сарыбаев Әділ (Білім бөлімі), ІІІ орын Джансейтов Даулет (№1 БЖСМ).
5. Ұзындыққа секіру спорт түрінен: І орын Қасқырбеков Ербол (№1 БЖСМ), ІІ орын Керімқұлов Бауыржан (№3 БЖСМ), ІІІ орын Досжанов Нұрлыбек (№2 БЖСМ)
6. Кермеге тартылу спорт түрінен: І орын Утелиев Серік (Жас талап), ІІ орын Сарыбаев Әділет (Білім бөлімі), ІІІ орын Әшім Аян (№1 БЖСМ).

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дәрежелеріне сәйкес аудандық спорт бөлімі атынан диплом және сыйлықтармен марапатталды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу