Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАСТЫҚ ПАЛУАНДАР «АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ» АТАНДЫ

ТҮЛКІБАСТЫҚ ПАЛУАНДАР «АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ» АТАНДЫ

Түлкібастық палуандар «азия чемпионы» атанды, деп жазады «Шамшырақ» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Алматы қаласында ұлттық спорт түрі көкпардан І Азия чемпионаты болып өтті. Тартысты аламанға 8 мемлекеттің құрамасы қатысты. Байрағын көкке желбіреткен, сәйгүлігін қамшылап, бәйгесіне асыққан өрендердің тартысы мықты, беталыстары да көңіл қуантарлық. Өйткені, көкпар қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан көкпаршысын көргенде жүрегі жарылмайтын қазақ бар ма? Көкпарды жігіттің жігіті тартады.

Нағыз палуан мен батыр ғана ат үстінде еркін шабады. Ұландарын қаршадайынан төзімділікке, ептілікке, батылдыққа, батырлыққа баулитын өнер түрі тек қазақта ғана бар. Ол- көкпар. Қазір қазақ елінің көкпары даму үстінде. Жастарымызда көкпарға қызығып, ат үстінде емін-еркін жүріп, жүгенін тартып, қамшы ұстауға асығады. Оған бүгінгі ұрпақтың ата жолына деген жауапкершілігі, ұлттық спорт түріне деген қызығушылығы дәлел болмақ. Жоғарыда аталып өткен Азия ойындарында «Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» спортшылары, Қазақстан Республикасы құрамасының мүшелері Мамыт Әділет пен Қарқабат Бекзат жүлделі І- орынды иемденді. Көк байрақты көкке желбіретіп, абыройымызды асырып, мерейімізді үстем етті. Бұл жеңіс біздер үшін үлкен бақыт, нәтижелі жетістік болды. Спортшыларымыз ат үстінен түспей жаттығып, алға қойған мақсаттарына ерен еңбектері мен тыңғылықты жаттығуының арқасында жетті деп білеміз.
-Мен бала күнімнен атам Мамыттың қамшысын алып, бәйгеде шабатын тұлпарына мініп өстім. Сәйгүлікке деген қызығушылығым аса жоғары еді. Пәлен жерде түген деген көкпар болып жатыр дегенді есітсем болды, дорбамды жинап, атымды баптап үйден шығып кететінмін. Сен әлі баласың, аттың астында қалып кетесің деген үлкен ағаларымның сөзін, ақылын құлағыма аспайтынмында. Ол мен үшін қорқынышты еместін. Бар ойым сол көкпарға барып, аламан доданы көзіммен көру болытн. Көкпаршы, шабандоз болу менің бала күнгі арманым еді. Әсті, осындай жетістікке жетіп, шабандоз болып, елімнің мақтанышы болғаным- атамның берген батасының арқасы болса керекті. Ол кісі де шабандоз болатын. Қаннан келген қасиетте бар шығар. Әкем Әмір де көкпар десе ішкен асын жерге қоятын азаматтар қатарынан. Менің көкпар спортына деген махабатымды сезген әкем спорт мектебіне оқуға түсіріп, бағымды ашты. Бәйгеде оза шабуым үшін батасын беріп, жігерлендіретін. Сәйгүлігім Ақмола Қасқамен талай додаларда оза шауып, отбасыма үлкен қуанышпен оралған кездерім жетерлік. Бұл- мен үшін атамның, әкем мен анамның алдындағы арманымның орындалғанының көрінісі деп ойлаймын. Жетер жетістігім мен алар асуым әлі алда болса, мен бағындырар белес көп деп білемін. Кезекті жеңісімді елім мен жеріме арнаймын,- дейді І Азия ойындарының чемпионы, ҚР құрамасының мүшесі Мамыт Әділет.
Расымен де, ел мерейін асырып, ата-баба аманатына жауапкершілікпен қарайтын жастардың барына қуанасың. Жүректеріне, бет алыстарына қарап, көңілің тынышталып, жанарың жадырайды. Ұлттық спорт түрін дамытып, жандандыратын жастардың жолы қашанда жетістікке, жақсылыққа, жеңіске тола берсін дегіміз келеді.

Пікір жазу