Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕРЛЕР ДЕМАЛЫСҚА АТТАНДЫ

АРДАГЕРЛЕР ДЕМАЛЫСҚА АТТАНДЫ

Арыс халқына жан-жақты қолдау көрсету — басты назарда. Осыған орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен арыстық ардагерлер шілде-тамыз айларында кезекпен демалысқа жіберілетін болады. Зейнеткерлердің алғашқы тобы 15 күн бойы Шымкенттегі «Мейір» ардагерлер үйінде тынығып келеді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.Нахыпбектің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Дариға Тілеубергенова — Арыс қаласының тұрғыны. Немере бағып бейқам жүрген зейнеткер төтенше жағдайдан кейін шошынып та қалыпты. Жағдайды ескерген жауапты мамандар Дәриға апаға ғана емес, Арыстағы барлық зейнеткерге демалып, денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік берген. Ардагерлерге әлеуметтік көмек ұсынып, демалысқа жолдама бергені — көңілімізді көтеріп тастады, — дейді ол.

Зейнеткерлер демалыс кезінде тек сауықтыру шараларымен шектелмейді. Түрлі концерттік бағдарламалар, медициналық тексеру мен басқа да қызметтерді тегін алады.

Арыс қаласында жалпы саны 3900-ден астам зейнеткер тұрады. Тамыз айының соңына дейін дәл осындай жүйемен 1360 зейнеткерді демалысқа жіберу жоспарлануда.

 

Пікір жазу