Басты бет » Сықақ » АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!

ал

Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Мақтарал, Сарыағаш аудандарынан: «Журналистер келіп тексеріп жатыр! Танысаңыз, көмектесіңіз!» – деген қоңыраулар маған жиі соғылады. «Тексеріп» жатқандары мектеп пен балабақшалардың асханалары.
– Көкем-ай! Журналистерге ондай құзірет ешкім бермеген! Журналистер өздігінен барып, ондай тексеру жүргізе алмайды! – десем:
– Елу мың берсеңіз, құтыласыз, деп жатыр, – деп ойбайлайды.
– Олай болса, ол – журналистер емес, журналистердің атын жамылып жүрген бопсалағыш алаяқтар. Дереу 102-ге қоңырау шалып, ұстатып жіберіңдер! – десем:
– Ұят қой! Қазақтың баласы емес пе?! – деп ақталады.
– Ұят болса, әркімге жем болып отыра беріңдер! – дегеннен басқа ештеңе қалмайды. Шындығына келетін болсақ, «ұят қой» дегендерінің ар жағында «өз былықтарым шығып кетпесін» деген қорқыныш жатқан сияқты. Содан алаяқтар көбейіп бара жатыр. Бүгіннің өзінде бірнеше басылымның аты аталды. Бұл қашан аяқталар екен?

Ә.Ә.

1 пікір

  1. Алдияр

    Бұл сұмдық қой… Журналистпін деп алаяқтық жасайтындарды түсінбейсің

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*