Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ШАРЫҚТА, ШАЛҚАР ШАБЫТЫМ!»

«ШАРЫҚТА, ШАЛҚАР ШАБЫТЫМ!»

«Шарықта, шалқар шабытым!» Дәл осындай атаумен Шардара ауданында зағип жандар арасында аймақтық іріктеу байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: әлеуметтік сауықтыру жұмыстарын жүргізу, олардың қоғам ортасында тең екендіктерін сезініп жүрулеріне қолдау көрсету. Аталмыш шараға Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай ауданынан келген 13 қатысушы келіп, бар өнерлерін ортаға салды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Байтүгелованың  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Шарықта шалқар шабытым» атты аймақтық іріктеу байқауы бұл жолы да ерекше өтті. Қатысушылардың ішінде жоғарғы білімді, қаламынан бал тамған ақын-жазушылар да бар. Шара барысында зағип жандар өздерінің белсенділігімен көзге түсті.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар алғашқы айналымында қазақ ақындарының туындыларын жатқа оқыды. Екінші кезеңде өз шығармаларымен бөлісті. Он үш қатысушы арасынан өнерімен көпшілікті тамсандырған Әселхан Мұратқасым дараланып көрінді.

Көз жанарынан айырылған жандарға байланысты қоғамда түрлі пікір қалыптасқан. Алайда олардың алар асуы мен шығар белесінің шексіз екендігін бүгінгі шара көрсетіп берді.

 

Пікір жазу