Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Облыстық опера және балет театры өзінің ХІІ маусымын бастады. Жаңа маусымның шымылдығы Евгений Брусиловскийдің «Қыз – Жібек» операсымен түрілді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ш.Тұрлыбектің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Бұл спектакль республика сахналарында қойылып жүрген шығармадан мүлде бөлек.

Опера және балет театрының ұжымы өзінің кезекті 12-ші маусымын пәк махаббат пен адалдықты дәріптейтін «Қыз – Жібек» операсымен бастағанды жөн санапты.Қазақтың ұлттық операсының даму кезеңі нақ осы «Қыз – Жібектен» басталады. Ал, Евгений Брусиловский Қазақстанда аталмыш музыка жанрының негізін қалады. Қазақы нақыштағы әйгілі классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы жол тартқан еді. Аса биік талғаммен жазылған операның мән-мазмұны да, музыкалық әдеби көркемдігі де, сахнаға қойылуы да үндесе отырып, құдыретті туындыға айналды. Бұл шығарма әлі күнге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ.

Аталмыш спектакльде  жесір қалған Жібек арада сегіз жылдан соң әмеңгерлік салтымен Төлегеннің інісі Сансызбайға тұрмысқа шығады. Шығарма   эпоста жырланғандай мерекелік той думанмен көрініс тапқан.

Қоюшы-режиссер Асқар Алтынбековтың жетекшілігімен сахнада  образдардың жан-жақты ашылғандығын байқауға болады. Театр әртістері де көрермен алдындағы жауапкершілікті айқын сезінеді.

Алдағы уақытта облыстық опера және балет театрының ұжымы өнер сүйер қауымды басқа да қойылымдарымен қуантатын болады.

 

Пікір жазу