Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «БІРГЕ ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«БІРГЕ ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Республикалық «Бірге Таза-Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Табиғат ананы аялауға арналған шараны шағалалы Шардара аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ұйымдастырды. Елуге тарта сала мамандарымен еріктілер Шардара су қоймасының маңын қоқыстан тазартты.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Су қоймасының маңы күл-қоқысқа толы. Себебі, шомылу маусымында мұнда демалушылардың қарасы қалыңдайды. Санитарлық тазалықты сақтамағандар салдарынан полиэтилен  пакеттер мен пластик  құтылар әр жерде шашылып жатыр. Шардара аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары жағажай аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, суға тасталған  ескі ауларды шығарды. Акцияға бес арнайы техника және екі қайыққа мінген елуден астам қызметкер мен ерікті атсалысты. Шара белсенділері ұзын-ырғасы 5 шақырым аумақты тазартты. Қоқыс қалдықтары қала сыртындағы полигондарға жеткізілді. Айта кетерлігі, «Бірге таза Қазақстан» атты акциясы бір реттік емес. Бұған қоса оған кез-келген адамдар қатыса алады.

 

Пікір жазу