Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Енді «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына әлеуметтік желі арқылы да шағымдануға болады. Ол үшін саяси ұйымның Фейзбуктегі парақшасына тіркелсеңіз болғаны. Әр апта сайын белгілі уақытта түрлі сала мамандары тікелей байланысқа шығып тұрғындардың арыз-шағымына жауап береді. Жаңашыл жүйе бойынша алғаш болып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев тікелей байланысқа шығып азаматтардың сұрағына жауап берді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Айтжановтың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Бүгін алғаш рет әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға ғаламтор арқылы сауал жолдағандардан тікелей келіп базынасын айтқандар басым болды. Солардың бірі Түркістан қаласының тұрғыны Құрманбай Мырзақұлов. Кезінде осындағы «Қолөнер мектебінде» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен ол қалалық білім бөліміне қарасты мекеме басшысы өзін заңсыз жұмыстан шығарды деп есептейді.

Құрманбай Мырзақұлов – Түркістан қаласының тұрғыны: Мені негізі алғаш 2016 жылы жұмыстан шығарған. Бірақ, ол кезде қалалық прокуратура араласып мені қайта жұмыста қалдырған. Ал, 2018 жылы сентябрдің 3-і күні естеру берді қазанның үшіне жұмыстан шыққаным туралы қаулы ұстаты. Ешқандай құжатпен таныстырған жоқ.

Өзін әділетсіздіктің құрбаны болдым деп есептеген мұғалім бұған дейін шағымын айтып талай табалдырық тоздырыпты. Тіпті өзін ақтамақ болып соттасқан. Бірақ, нәтиже шықпапты. Қазір қайта арызданып іс сотта қайта қаралып жатқан көрінеді. Осыны ескерген департамент басшысы ұстаз шағымын алдағы уақытта қарайтынын жеткізді.

Хаким Көшқалиев – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облыстық департаментінің басшысы

Бұл әзірге соттың құзырындағы дүние. Мен көріп отырмын құжаттардың бәрін. Енді сот тиісті шешімін шығарсын одан кейін көреміз…

Кезекті қоғамдық қабылдауға Құрманбайдан бөлек тағы бірнеше азамат келіп өздерінің өтініш тілектерін жеткізді. Оларды мұқият тыңдаған департамент басшысы рет-ретімен жауап беріп жөн сілтеді. Сонымен қатар қоғамдық қабылдау кезінде тұрғындар тарапынан әлеуметтік желі арқылы да сұрақтар түсіп оларға  да жауап берілді. Азаматтарға барынша ыңғайлы болу мақсатында тікелей эфирде ұйымдастырыылған қабылдау алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

 

Пікір жазу