Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕСТІК ШАРУЛАР ЕГІНДІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ КӨМЕГІМЕН БАПТАУДЫ ҚОЛҒА АЛУДА

КЕЛЕСТІК ШАРУЛАР ЕГІНДІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ КӨМЕГІМЕН БАПТАУДЫ ҚОЛҒА АЛУДА

Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі «Ауыл шарушылығын механикаландыру және автоматтандыру» ғылыми орталығында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен ауылдық округтер әкімдері, аудандағы шаруа дихандарының қатысуымен семинар өтті.

Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Семинарды «Ауыл шарушылығын механикаландыру және автоматтандыру» ғылыми орталығының өкілі Бердияр Қалымбетов жылына 3 рет өнімді заманауи техналогияның күшімен егіп, басқа да аудан дихандарына ғылыми жобаның тәжрибесімен бөлісуде. Бердияр Қалымбетов: биылғы жылғы өнімнің 2-рет өнімін егіп 8 млн теңге табыс таптық. Алдағы уақытта 3 өнімді егіп одан да 3-4 млн табыс табуды жоспарлап отырмыз. Аудан бойынша 29 жоба аталған тәжірибені қолдануда. Ол азаматтармен тығыз байланыс жасаудамыз. Болашақта Келес ауданының жері құнарлығын ескеріп, осы егін шарушылығын заманауи техналогия көмегімен өнімді еселеп, аудан экономикасына едәуір үлесімізді қосу жоспарымыз бар.


Жиын барысында аудан әкімі Ақментай Есбаев ғалымға аудан аумағында МТЗ орталығын ашып жандандыруды ұсынды. Ол үшін аудан әкімдігі тарапынан қолдау болатынын жеткізді. Аталған мекеменің қызметі жолға қойылса егін шаруашылығының дамуына үлесі үлкен болатынын жиынға қатысқан шаруларда құптады.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*