Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АЛТЫН АСЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҰСАҚ МАЛ БАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АЛТЫН АСЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҰСАҚ МАЛ БАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Түлкібас ауданында «Алтын асық» бағдарламасы арқылы асыл тұқымды ұсақ мал басы артып келеді. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жалпы Түлкібас ауданы  ауылшаруашылығына қолайлы, табиғаты керемет өңір. Осы оарйда, асыл тұқымды мал басы санының  артуы қалыпты әрі қуантарлық жағдай деуге болады.

Мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан «Алтын асық» бағдарламасы арқылы Түлкібас ауданының шаруалары асыл тұқымды ұсақ мал басын көбейтуде. Мәселен, биылғы жылы облыс тарапынан ауданға 1430 бас жоспар белгіленген болса, бүгінгі таңда 7 айлықтың қорытындысымен жоспар 100 пайызға орындалып отыр.
Жыл басынан бері бағдарлама арқылы ауданымызға қарасты «Әділет» шаруа қожалығы 275 бас аналық, 11 бас қошқар, «Мырза» шаруа қожалығы 300 бас аналық, жеке кәсіпкер Бекетов Е.Т 255 бас аналық, «Дүйсенбек» шаруа қожалығы 600 бас аналық асыл тұқымды қой алып, көбейтуде.

Пікір жазу